САДИРМЕКОВА ЖИДЕКУЛЬ БЕГАЛИЕВНА » «Ай-Таңнұры» бөбекжай балабақшасы»
«Ай-Таңнұры» бөбекжай-балабақшасы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:141140016416
Меңгеоуші:
+7(701) 382-40-37
"Әдіскер:
+7(775) 477-04-88
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » САДИРМЕКОВА ЖИДЕКУЛЬ БЕГАЛИЕВНА
25
мамыр
2026

САДИРМЕКОВА ЖИДЕКУЛЬ БЕГАЛИЕВНА

Ж.Б.Садирмекова 1956 жылдың 1 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Бес-кепе ауылында туылған. 1964 жылы Қарасу ауылындағы орта мектебіне барып, 1974 жылы бітірген.

    1974-1979 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогтік институтының тарих және педагогика факультетінде білім алып, тарих пен қоғамтанумұғалімі және комсомол, пионер жұмысының методисі мамандығы бойынша бітіріп шықты.

   1980-1981 жылдары Жезқазған облысы, Шет ауданы, Шет совхозындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі; 1981-1989 жылдары Сайрам ауданы, Тассай ауылдық  мекенінде №9 Д. Нұрпейісова атындағы қазақ орта мектебінде мұғалім; 1989-1990 жылдары Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы институтының педагогика кафедрасының оқытушысы;

   1990-1995 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің ғылыми ізденушісі; 1995 жылы Педагогика ғылымының кондидаты доцент.

   1995 жылы Абай атындағы  Алматы Мемлекеттік университеті жанындағы мамандандырылған кеңесте   «Жеткіншіктерді халықтың педагогика арқылы  адамгершілікке тәрбиелеу» тақырыбында педагогика ғылымдарының кандитаты. 13.00.01- Педагогика теориясы мен тарихы, этнопедагогика диссертациясын қорғап шықты.

   1990-1996 жылдары  Шымкент қаласындағы дене тәрбиесі  институтының педагогика кафедрасындағы аға оқытушы; 2001 жылы педагогика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.

   1996-2007 М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік университетінің  «Жалпы педагогика және этнопедагогика» кафедрасында доцент;

   2007-2010 жылдың 28 қарашасынан бастап «Дене тәрбиесі спорт ілімі мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 

   2010 жылы 13 сәуірде Ыбырай Алтынсарин төс белгісімен марапатталды.

   2015 жылдың 15 желтоқсан айынан бастап ЖШС «Ай-Таңнұры» бөбекжай балабақшасында меңгеруші болып жұмыс атқаруда.

2018ж 2сәуірде «Гуманитарлық пәндерді оқытудағы инновациялық технологиялар» оқу әдістемелік семинарға қатысып сертификат алды.

2018жылы  Прага Чехия қалаларында    Халықаралық ғылыми  - практикалық  конференцияға қатысып бірнеше мақалалар жарияланып жұмыстың нәтижесіне арнайы сертификаттармен және мақтау қағаздарымен  марапатталды.

2018 жылы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда үздік ғылыми жұмыстар жүргізгені үшін II дәрежелі дипломмен марапатталды.

2019жылы 18 сәуірде Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасындағы Ұлттық бизнес- рейтингіні ұйымдастыру  барысында «Білім мақтанышы» төс белгісімен және «Мемлекеттік кірістер»салық  төлеуде Шымкент қаласы бойынша  лидер атанды. «Бейімділік даналық білімі» медальімен марапатталды

2020ж 15 қаңтарда Авторлық  құқықпен қорғалатын обьектілерге құқықтардың мемлекеттік тізімге мәліметтерді енгізіп «Инновациялық білім кеңістігінде  этнопедагогиканы қолдану арқылы жастарды отансүйгіштікке баулу» монографиясы жарық көрді.

2020 жылы  Аймақтық санитарлық эпидемиологиялық  серфикаттау және оқыту орталығынан  Сертификат алды.

2022жылы әрбір Қазақстандық үшін ерекше тарихи мәнге ие «Республика күні» басты ұлттық мейрамын атап өтуге байланысты Шымкент қаласында КАНО филиалы қызметіне  белсенді қатысқаны және кәсіби шеберлігі мен мектепке  дейінгі  білім берудің  дамуына үлес қосқан еңбегі үшін  мадақтамамен марапатталды.

2022жылы Қазақстан Республикасы Түркістан облысы Сайрам ауданының  90 жылдық мерейтойына  орай және ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін  МЕРЕКЕЛІК  БЕЛГІСІМЕН  марапатталды. 

2023жылы Қазақстан  ассоциациянан «Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығы

Жеке кәсіпкерлермен заңды тұлғалалар бірлестігінің  қалыптасуы мен дамуына қосқан еңбегіңіз үшін Алғыс хатпен марапатталды.

2023жылы Тажікістан педагогикалық институтында «Әлеуметтік педагогика» тақырыбында лекция оқып Сертификат алды.

2023жылы Шымкент қаласы білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» және «Алғыс хаттармен» марапатталган.

2023жылы Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақсатан:Жаңарумен Жаңғыру Жолы »атты Қазақстан халқына жолдауына қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген «Қазақстан Республикасының Еңбек Сіңірген қызметкері»атты республикалық байқауына қатысып жеңімпаз атанған.

 130-дан астам ғылыми мақалалары, 30 оқу әдістемелік нұсқаулары, 5-оқу құралы, 3- монографиясы жарық көрген.

2016-жылдан зейнеткер.

Отбасылы,  3перзенті,  6-немересі, 4-шөбересі бар.

Барлық марапаттармен өткізілген іс-шаралардың суреттері инстаграмм парақшаларында жарияланған.


Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив